РФ ТК аймақтық тергеу басқармасы жетекшісінің аға көмекшісі Олег Дмитриевтің айтуынша, шақалақты анасы тастап кеткен болуы мүмкін.
« 2 ақпанда Чебоксары қаласында жергілікті тұрғын Энгельск көшесіндегі 17 және 19 үйлердің арасындағы қоқыс контейнерінен шүберекке оралған жаңа туған қызды тауып алған. Сәби емдеу мекемесіне жатқызылды, оған тиісті медициналық көмек көрсетілуде»,-деді Дмитриев.
Алдын ала мәлмет бойынша, нәрестенің анасы өзінің аяғы ауыр екендігін жасырған. 2 ақпанда босанғаннан кейін одан құтылу үшін контейнерге тастаған. Синоптиктердің айтуынша, бұл уақытта ауа температурасы -17-20 градусқа дейін төмендеген.
Қылмыстың ашылуына контейнерден табылған қапшықтағы баланың салған суреті себеп болған көрінеді. Тергеушілер оның авторы әлгімен көрші тұратын қыз екендігін анықтады. Осының арқасында қылмыс ашылып отыр.