Аяздың салдарынан Өскеменде екі күннен бері мектептерде сабақ жоқ

None
ӨСКЕМЕН. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Сықырлаған сары аяздың салдарынан Өскемен мектептерінде осымен екінші күн 1-шіден бастап 9-шы сыныптың аралығындағы оқушылардың сабақтары тоқтатылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Төтенше жағдайлар жөніндегі қалалық басқарманың ақпараты бойынша, өткен түнде ауаның температурасы минус 36 градусқа дейін түскен, ал күндізгі суық минус 20-22 градустың шамасында.