ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Алматы облысында ауаның температурасының төмендеуіне байланысты 13 желтоқсан күні сағат 17:00-ден бастап Алакөл ауданындағы Рубеж бекетінен бастап Шығыс Қазақстан облысына қарай қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктердің қозғалысына тыйым салынды.
Бүгін сағат 17:00-дeн бастап ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысы бойынша барлық бағыттарда қоғамдық және дизель отынымен жүретін автокөліктің қозғалысына тыйым салынды.
Бұдан бөлек, Қарағанды облысы аумағында да сағат 15:00-дeн "Қызылорда-Павлодар" жолының 1069-1135 шақырымындағы "Молодежный кенті-Павлодар облысы шекарасы" аралығында қоғамдық, жүк және дизель отынымен жүретін автокөліктер үшін жол жабылды.