Аяздың салдарынан мектеп оқушылары қашықтан оқытылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алтай қаласында 29 градус аязға байланысты бірінші ауысымның 1-4 сыныптары қашықтан оқытуға көшірілді.
Риддерде – 26 градус аяз. Бірінші ауысымның 1-9 сыныптары қашықтан оқытылады.