«Жолаушылардан бізге байланысты емес жайттарға орай пойыздардың кешеуілдеуіне шыдамдылық пен түсіністік танытуларын сұраймыз. Жолаушылар вагондарындағы жылу беру жүйесі айрықша бақылауға алынған және қажетті температура режімі сақталуда», - делінген компания таратқан ақпаратында.
Айта кетерлігі, бұл күндері ұлттық тасымалдаушының барлық құрылымдық бөлімшелері ерекше жұмыс режіміне көшірілген болатын.
09:43, 26 Қаңтар 2018
Аязға байланысты жолаушылар пойызының жылдамдығына шектеу қойылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Жолаушылар тасымалы» АҚ қатты аязға байланысты және адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолаушылар пойызының жылдамдығына шектеу қою туралы шешім қабылданғанын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.