54 келіге дейінгі салмақ санатындағы ақтық кезеңде А.Сыдық Үндістан өкілі Амиша Керкеттамен кездесті. Жекпе-жек төрешілердің бірауызды шешімімен қазақстандық боксшының пайдасына, 5:0 есебімен аяқталды.
Осылайша, Аяжан Сыдық әлем біріншілігінің алтын жүлдесін қанжығасына байлады. Ал оның қарсыласы «күміске» қанағат етті.
Қоса кетейік, Қазақстан құрамасы үшін бұл аталған турнирдегі алғашқы алтын медаль.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, финалда сондай-ақ, қыздар арасында – Толғанай Қасымхан (60 кг), Айсұлу Мұхит (66 кг), ұлдар арасында – Нұрсалы Тілеубек (54 кг) рингке шығады.
Финал жекпе-жектері 3 және 4 желтоқсанға жоспарланған.