Аяз, қар: 9 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
04:10, 09 Желтоқсан 2023
9 желтоқсанда еліміздің басым бөлігіне солтүстік-батыс антициклонының суығы әсер етіп, аязды ауа райы сақталады, деп хабарлайды Kazinform.
Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, еліміздің оңтүстік жартысында, шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады, кей жерлерде қалың қар түсіп, көктайғақ болады. Республика бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Жетісу облысының таулы аймақтарында, Алматы облысында, түнде оңтүстікте, Жамбыл өңірінің, түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аймақтарында қалың қар жауады.