60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Айбек Имашев қола жүлдеге қол жеткізу үшін аз ғана ұпай жетіспеді.
Айбек іріктеу раундтардың барлығын табысты еңсеріп, армян спортшысы Давтян Ованес (вадза-ари), испаниялық Франсиско Гарригос (иппон), франциялық Валид Хьярді жеңді. Бірақ одан кейін қазақстандық спортшы екі рет жеңілді: жартылай финалда әзербайжандық Ильгар Мушкиевтен ұтылса, «қола» үшін айқаста өзбек спортшысы Шарафуддин Лутфиллаевтен жеңіліп, медальдан қол үзіп қалды.
Бұдан басқа, 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстанның тағы бір өкілі - Дастан Ықыбаев жетінші орыннан көрінді.