ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Екі дүркін Әлем барысы Айбек Нұғымаров Абайдың 175 жылдығында қазақ күресінен халықаралық жарыс өткізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылында 14-16 тамыз аралығында ұлттық ат спорты түрлерінен фестиваль өтеді. Соған қазақ күресінен халықаралық жарысты қоссақ па деймін. Қазірдің өзінде бұл додаға Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия және Ресей елдерінің палуандары қатысуға ниет білдіріп отыр», - деді Айбек Нұғымаров облыс әкімдігінде өткен жиын барысында.
Оның бұл ұсынысына аймақ басшысы Даниал Ахметов бірден қолдау білдірді.
«Өте жақсы бастама. Қолдаймын. Бұл жарысты өткізу үшін тиісті қаражат бөлеміз», - деді облыс әкімі.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.