Әйбек Нұрахметов жаңа қызметке тағайындалды

Фото: Фото: Бас прокуратураның баспасөз қызметі

Қазақстан Бас прокурорының бұйрығымен Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы лауазымына Әйбек Нұрахметов тағайындалды, деп хабарлайды Kazinform Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әйбек Нұрахметов еңбек жолын 2002 жылы Астана қаласының прокуратурасында бастаған. Аудан прокуратурасының стажеры, бөлім прокуроры, прокурордың көмекшісі, аға көмекшісі лауазымдарында жұмыс істеді.

2004 жылы Қазақстан Парламентінде қызмет атқарды. 2005 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында басқарма прокуроры, аға прокуроры, бөлім және басқарма бастығы, Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

2022 жылдың қараша айынан бастап Бас прокурордың арнайы тапсырмалар бойынша аға көмекшісі болды.