Бұл күні ел құрамасынан Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) үндістандық Нарендермен шеберлік байқасады. Жекпе-жек Қазақстан уақытымен 11:00-ге белгіленген.
Сондай-ақ ел құрамасынан Махмуд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Наталья Богданова (75 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі) 30 қыркүйекте жартылай финал жекпе-жегін өткізеді.
Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасынан Оразбек Асылқұлов (60 келі), Сабыржан Аққалықов (80 келі), Назым Қызайбай (54 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (55 келі), Нұрбек Оралбай (90 келі) жарыс жолынан шығып қалды.
Қазақстандық боксшылар Азия ойындарында соңғы рет 2014 жылы Инчхонда алтын медаль жеңіп алған. Бұдан кейін Джакартадағы 2018 жылғы және Ханчжоудағы 2023 жылғы Азия ойындарында қазақстандық боксшылар алтын жүлдесіз қалған.