Айбек Оралбай Азия ойындарында финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM - 2026 жылғы Азия ойындарында 29 қыркүйекте Қазақстан құрамасынан Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) жартылай финалда үндістандық Нарендерді қапы қалдырып, финалға жолдама алды.

Фото: Ұлттық олтимпиада комитеті

Жекпе-жек барысында отандасымыз жинақы қимыл көрсетті. Нәтижесінде қарсыласынан көбірек соққы жұмсауға тырысты. Үндістандық боксшыны 5:0 есебімен жеңіп, финалға жолдаманы жеңіп алды.

Айбек Оралбай 2000 жылы 11 маусымда дүниеге келді. Қазірге дейін 2025 жылы әлем чемпионы атанса, үш дүркін Азия чемпионы болды. 

Сондай-ақ ел құрамасынан Махмұд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Наталья Богданова (75 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі) 30 қыркүйекте жартылай финал жекпе-жегін өткізеді.

Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасынан Оразбек Асылқұлов (60 келі), Сабыржан Аққалықов (80 келі), Назым Қызайбай (54 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (55 келі), Нұрбек Оралбай (90 келі) жарыс жолынан шығып қалды.

Қазақстандық боксшылар Азия ойындарында соңғы рет 2014 жылы Инчхонда алтын медаль жеңіп алған. Бұдан кейін Джакартадағы 2018 жылғы және Ханчжоудағы 2023 жылғы Азия ойындарында қазақстандық боксшылар алтын жүлдесіз қалған.