Айбек қарсыласын бірінші раундта нокдаунға да түсірді.
Отандасымыз ширек финалда Хулио Сезар Ла Круз – Лорен Альфонсо Домингес жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Еске сала кетейік, бұған дейін 63,5 келі салмақта бақ сынайтын қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы алғашқы кездесуін өткізіп, қарсыласынан басым түскен еді.