Отандасымыз 2 қазанда өзбекстандық Жахонгир Зокировпен қолғап түйістіреді.
Жахонгир Зокиров - 2025 жылғы әлем чемпионатының финалисі болды. Оған қоса 2024 жылғы Азия чемпионатында қола жүлдегер атанды.
Ал 26 жастағы Айбек 2025 жылғы әлем чемпионы және 3 дүркін Азия чемпионатының жеңімпазы атанған.
Екеуі 2025 жылы Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында World Boxing аясында өткен әлем чемпионатында шаршы алаңға шығып, бұл жолы қазақстандық боксшы қарсыласын қапы қалдырған еді.
Айбек Оралбай Азия ойындарының жартылай финалында үндістандық Нарендерді 5:0 есебімен жеңді.
Енді ел құрамасынан 30 қыркүйекте Махмұд Сабырхан (55 келі), Төрехан Сабырхан (70 келі), Наталья Богданова (75 келі), Алуа Балқыбекова (51 келі) 30 қыркүйекте жартылай финал жекпе-жегін өткізеді.
Айта кетсек, қазірге дейін ел құрамасынан Оразбек Асылқұлов (60 келі), Сабыржан Аққалықов (80 келі), Назым Қызайбай (54 келі), Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (55 келі), Нұрбек Оралбай (90 келі) жарыс жолынан шығып қалды.
Қазақстандық боксшылар Азия ойындарында соңғы рет 2014 жылы Инчхонда алтын медаль жеңіп алған. Бұдан кейін Джакартадағы 2018 жылғы және Ханчжоудағы 2023 жылғы Азия ойындарында қазақстандық боксшылар алтын жүлдесіз қалған.