Айбек Рахымбеков Абай облысының Кәсіпкерлік басқармасының басшысы болып тағайындалды
СЕМЕЙ. KAZINFORM – Абай облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы болып Айбек Рахымбеков тағайындалды.
Айбек Смағұлұлы 1990 жылы 23 желтоқсанда Астана қаласында дүниеге келген.
2012 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Аймақтану» мамандығы, 2015 жылы Қазақ инженерлік-техникалық академиясын «Экономика» мамандығы, 2020 жылы Оңтүстік Калифорния университетін «Халықаралық мемлекеттік саясат және басқару» мамандығы бойынша бітірген.
«Болашақ» бағдарламасының түлегі.
Еңбек жолын 2014 жылы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаменті халықаралық ұйымдар басқармасының сарапшысы лауазымынан бастаған.
Әр жылдары Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік оқиғалары мен оқыс оқиғаларды тексеру департаменті темір жол және су көліктеріндегі оқиғаларды тексеру басқармасының бас сарапшысы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Өнеркәсіптік саясат департаменті өңдеуші өнеркәсіпті дамыту басқармасының басшысы болып еңбек етті.
Тағайындалғанға дейін Абай облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары болған.
Еске салсақ, осыған дейін Әнуар Хатиев Дін істері комитетінің төрағасы болғаны хабарланған.