«Бізге хабарласып, Түркияға көмек бергісі келіп жатқандар бар. Ол кісілерге айтарымыз: аталған мәселе бойынша Түркияның Қазақстандағы елшілігіне хабарласқан жөн болады. Олар бұл жұмысты ұйымдастырып жатыр», - деді СІМ ресми өкілі.
Еске салсақ, Түркияның оңтүстік-шығысында болған зілзаладан қаза тапқандар саны 2 921 адам екені хабарланған еді. Соңғы деректер бойынша, апатан зардап шеккендер саны 3 419-ға жеткен.
Бүгін таңертең Қазақстан ТЖМ 41 құтқарушысы апат салдарын жоюға көмек көрсету үшін Түркияға жетті.
Қазіргі таңда Түркияда қалған Қазақстан азаматтарын Газиантеп қаласынан елге әкету шаралары жүргізіліп жатыр. Елге қайтамын деген Қазақстан азаматтары 7 ақпан сағат 12:00-де Газиантеп қаласының әуежайында тиісті процодурадан өтіп, дайын болуы тиіс. Сонымен қатар, Қазақстанға оралуға ниетті азаматтар тізімін жасау үшін 90 538 8807041, 90 3124919100 телефон нөмерлеріне хабарласуы керек.
Айта кетсек, Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі Түркиядағы жағдайға байланысты азық-түлікпен гуманитарлық көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.
Ал, Қазақстан құтқарушыларын апарған бортпен Түркиядан 16 қазақстандық және 2 Қырғыз Республикасының азаматы Астанаға жеткізіледі.
Сондай-ақ, Түркиядағы жер сілкінісіне байланысты шұғыл желі ашылды.