«Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Айбоз» ұлттық әдеби сыйлығының жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үздік поэзия» номинациясы бойынша жеңімпаз «Жұмбақ арал» поэмасы –

Батырхан Сарсенхан;

«Үздік проза» номинациясы бойынша жеңімпаз «Тырнақ» әңгімесі –

Айгүл Кемелбаева;

«Үздік драматургия» номинациясы бойынша жеңімпаз «Мың мен жалғыз...» пьесасы –

Талғат Теменов;

«Үздік аударма» номинациясы бойынша жеңімпаз Стефан Цвейгтің «Амок», «Бақилық ағаның көз жасы» новеллалары –

Кенжебай Ахметов;

«Үздік балалар әдебиеті» номинациясы бойынша жеңімпаз «Іздер құпиясы» детективтік романы – Бекен Ыбырайым;

«Үздік комикс» номинациясы бойынша жеңімпаз «Жетпіс палуан» комиксі –

Жантас Набиоллаұлы;

«Үздік кітап дизайны» номинациясы бойынша жеңімпаз «Кенесары хан уа сұлтан Сыдық» – «Аmalbooks» баспасы.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 8 желтоқсан күні Алматы қаласы Жамбыл атындағы филармония залында сағат 16:00-де өтеді.


Соңғы жаңалықтар