Lunar Laser Communication Demonstration жүйесінің негізінде лазерлік сәулелендіру жатқаны белгілі.
30 күндік зерттеулер жүргізу барысында ғалымдар тұрақты сигнал орната алды. Мәліметтерді жеткізу жылдамдығы секундына 19,44 мегабитті құрады, деп хабарлады Informing.
Атап өтейік, бұл жылдамдықты қарапайым үйдегі интернет-байланыспен салыстыруға болады.
LLCD терминалы Нью-Мексикода (АҚШ) орналасқан және ол 4 оптикалық жүйеден тұрады. Оның әрбірі қуаттылығы 40 Вт болатын сәуле таратушылармен жабдықталған.