Бұл бас айналдыратын сома Айға бірінші болып қадам басқан Нил Армстронгтың топырақтың үлгілерін жинаған қапшығы болғанымен түсіндіріледі. Аукцион ұйымдастырушыларының айтуынша, қаптың матасынан әлі күнге дейін Айдағы кристалдар мен шаңдардың іздерін табуға болады, деп хабарлайды ru.euronews.com.
«Бұл қапшық жиналған топырақты қолайсыз сыртқы ортаның ықпалынан қорғау үшін қолданылған, кейін ғарыш экспедициясы Жерге қайтып келген соң, ол улы патогендердің таралуына бөгет болған», - деді аукциондық үйдің вице-президенті Кассандра Хэттон.
Бейсенбі, 20 шілде күні сатылымға ғарыш экспедициясына қатысы бар 170-тен астам лоттар қойылды, дәл осы күні ғарыш экспедициясының 48 жылдығы аталып өтілді.