«Айдаһар-2 қалай қолға үйретуге болады» мультфильмі жылдың үздік толық метражды мультфильмі болып танылды. Бұдан басқа, лента атап айтқанда, режиссурасы (қойылымымен Дин Де Блуа айналысқан) мен музыкасы үшін де марапатталды.
2015 жылғы қаңтардың басында мультфильм «Үздік анимациялық фильм» номинациясында «Алтын глобусты» иеленген. Картина осы санатта «Оскарға» ұсынылды.
«Эннидің» 44-ші сыйлықты табыстау рәсімі Лос-Анджелесте 2015 жылғы 31 қаңтарда өтті.
2014 жылы «Энниді» үздік мультфильм ретінде «Суық жүрек» картинасы иеленген болатын.