Айдаладан 8 тонналық кит табылды

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - Англияда адам сенбес оқиға орын алды, деп хабарлайды lifenews.ru сайты.

Сайттың хабарлауынша, мұхит қойнауының тереңінде өмір сүретін жануар жағадан 1 шақырымдай алыстағы жазық алаңнан табылған. Ғалымдар мұндай жағдайдың мүмкін еместігін айтып, бастары қатуда.

Әзірше белгілі болғаны, бұл олжа ала киттер тобына жатады. Жануардың мұндай түрі осы аймақта өте сирек кездеседі: соңғы 20 жылда жергілікті өзен-көлдерде осы түрге жататын 3 кит қана тіркелген.