Айдана Забынбекова мен Наталья Богданова жартылай финалға шықты
15:12, 03 Шілде 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Қос қазақстандық боксшы келесі кезеңге қиындықсыз өтті.
Әсіресе Айдана келесі кезең жолдамасы үшін қатты күш жұмсай қойған жоқ. Оның 1/4 финалдағы қарсыласы америкалық боксшы жекпе-жекке шығудан бас тартты.
Ал тағы бір отандасымыз (70 келі) әлем кубогының 1/4 финалында бразилиялық Барбара Мария Дос Сантосты қапы қалдырып, жартылай финалға жолдама алды. Наталья үшінші раундта қарсыласын бір есеңгіретіп алды.
Бұған дейін Нұрбек Оралбайдың жартылай финалға жолдама алғанын жазған едік.