Айдар Казов Азия чемпионатында Қазақстанға ауыр атлетикадан бірінші «алтынды» әкелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық зілтемірші Айдар Казов Тайландтағы Азия чемпионатында 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан үшін бірінші «алтынды» олжалады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Казов қоссайыс нәтижесінде 350 (156 194) келі көтерді. Тура сондай салмақты КХДР-ның спортшысы Джон Менг Сонг та көтере алды. Алайда біздің ауыр атлетіміздің салмағы кәріс қарсыласынан жеңілдеу болып шықты, сондықтан Айдар Казов жарыс жеңімпазы атанды. 349 (158 191) келі салмақты еңсере алған тай спортшысы Чиннавон Чатупхум үшінші орынға тұрақтады.