Айдар Махметов джиу-джитсудан әлем чемпионатында жүлдеге ие болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Айдар Махметов 79,5 келі орта салмақ дәрежесінде джиу-джитсудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Оны жеңісімен Джиу-джитсудан және аралас жекпе жектен Қазақстан федерациясының құрметті президенті және басқарма төрағасы Ерлан Қарин құттықтады.

«Аралас жекпе жектен Қазақстан федерациясының Бақылау кеңесінің төрағасы Айдар Махметов бүгін Сан-Францискода (АҚШ) IBJJF World No-Gi Championship (Бразилиялық джиу-джитудың халықаралық федерациясы) нұсқасы бойынша  джиу-джитсудан әлем чемпионатында вице-чемпион атанды! Айдар Махметовты жеңісімен құттықтаймын!», деп жазды Ерлан Қарин әлеуметтік желідегі парақшасында.