Қазақстан ММА федерациясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, мұндай шешімге Махметовтың Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігінде аккредитациядан өтпеген федерация атынан Макаода өткен ММА бойынша әлем чемпионатында жалған өтініш тапсыруы себеп болған. Бұл жайт Қазақстанның мемлекеттік органдарында және ММА бойынша Бүкіләлемдік конгресте талқыланған.
«Осы жағымсыз жағдай тек қазақстандық команданың ғана емес, сондай-ақ бүкіл Қазақстанның мәртебесінің төмендеуіне себеп болып, абыройына зиян келтірілді, әрі ұлттық құраманың жарысқа қатысуына біраз кедергі туғызды. Сонымен қатар, жалған өтініш тапсыру дерегі бойынша, құқық қорғау органдарына тиісті құжаттар тапсыру туралы шешім қабылданды», - делінген таратылған ақпаратта.