Айдар Мекебеков жаңа қызметке тағайындалды
19:57, 23 Қаңтар 2026
АСТАНА. KAZINFORM – Айдар Мекебеков «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Қаржы министрлігі баспасөз қызметі хабарлады.
Ол Қаржы министрлігінде ұзақ уақыт жұмыс істеген. Салық инспекторынан бастап мемлекеттік кірістер және қаржылық бақылау органдарында бөлім басшысына дейін көтерілді.
Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Бұған дейін ол «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-да департамент директоры қызметін атқарған.
Айта кетейік, Гүлмира Сабденбек Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы болып тағайындалды.