АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдар Шəрібаевтің кезекті жекпе-жектегі қарсыласы анықтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жеңіл салмақта өнер көрсетіп жүрген отандасымыз осыған дейін төрт кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен болатын. Оның үшеуін мерзімінен бұрын аяқтады.
Шәрібаев бесінші айқасында 23 жастағы мексикалық боксшы Габино Котамен жұдырықтасатын болады.
Кота осыған дейін 19 рет шаршы алаңға шығып, оның жетеуінде жеңілістің ащы дәмін татқан.
Бокс кеші 17 наурыз күні Флорида штатының (АҚШ) Майами қаласында өтеді.
Кездесу 6 раундқа жоспарланған.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.