Айдар Шәрібаев BoxRec рейтингінде бірден 76 сатыға төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық былғары қолғап шебері Айдар Шәрібаев (7-1, 6 КО) BoxRec.com сайтының рейтингінде бірден 76 сатыға төмендеді, деп хабарлайды Sports.kz.

Екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін жерлесіміз енді 154-орында тұр.

Еске сала кетейік, Айдар АҚШ өкілі Эндрю Канчиомен (18-4-2, 14 КО) титулдық жекпе-жегін өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіліп қалған болатын. Индиода өткен айқаста боксшылар екінші жартылай жеңіл салмақтағы WBA InterContinental белдігі үшін күш сынасты.

Фото: sports.kz