Айдар Шәрібаев салмақ өлшеу рәсімінен өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Калифорнияның Fantasy Springs Resort кешенінде қазақстандық Айдар Шәрібаев салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат diamondring-ге сілтеме жасап.

Айдардың таразыдағы таза салмағы 129,4 фунтты көрсетсе, оның қарсыласы америкалық Эндрю Канчионың таза салмағы 130 фунтты көрсетті. Сондай-ақ, боксшылар дәстүрлі түрде бір-бірімен көз арбасты. Шара барысында WBA Inter-Continental белбеуін әйгілі Бернард Хопкинстің өзі ортаға алып шықты.

Айта кетейік, отандасымыз АҚШ уақытымен 12 сәуір күні мексикалық Франсиско Варгас (24-1-2, 17 KO) пен америкалық Род Сальканың (24-4, 4 KO) жекпе-жегі аясында шаршы алаңға шығады. Екі боксшы екінші жартылай жеңіл салмақ дәрежесіндегі WBA Inter-Continental белбеуін сарапқа салады.