Айдарбек Сапаров Ауыл шаруашылығы министрі қызметінде қалды

АСТАНА. KAZINFORM - Айдарбек Сапаров Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: Үкімет

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдарбек Сейпілұлы Сапаров Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада. 

Өмірбаяны

Совхоз бухгалтері (1984 ж)

Калинин атындағы шаруашылықтың зоотехник- орындаушысы, коммерциялық директоры (1992-1995 жж)

Коммерциялық құрылымдарда қызмет (1995-2003 жж)

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары (2003-2005 жж)

«Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары (2005-2006 жж)

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық басқармасының басшысы (2006 ж)

Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі (2006-2008 жж)

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі (2008-2010жж)

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары (2010-2011 жж)

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары (2011-2019 жж)

ҚР Бірінші ауыл шаруашылығы вице-министрі (2019-2022жж)

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі (2022 ж. 1 желтоқсан)

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі (2023 ж. 4 қыркүйек)

Білімі

Бухгалтерлік мектеп (1984 ж)

Омбы ауылшаруашылық институты (1992 ж)

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, зооинженер, мемлекеттік басқару бакалавры (2006 ж)

Марапаттары

«Құрмет» ордені (2008)

«Парасат» ордені