деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аудан әкімі Ербол Сағдиевтің айтуынша, жылдар бойы тозығы жетіп, жөндеумен ғана қабырғасы құламай тұрған мектеп үйінде білім алып келген 80 балғын алдағы оқу жылын жаңа нысанда жалғастыратын болды. Әр сынып кабинеттері пән талабына сай жабдықтармен жарақталып, жаңа жиһаздармен толықтырылған. Айналасы қоршалып, ат шаптырым спорт алаңы салынып, абаттандыру жұмыстары жүзеге асырылған. Жаңа білім ошағына қажетті қаржы облыстық және аудандық бюджеттерден қарастырылған болатын. Ал құрылыс жұмыстарын аудандық коммуналдық шаруашылық өз мойнына алып, нәтижелі аяқтап шықты.