ҚР Президенті Әкімшілігі бөлімінің меңгерушісі тағайындалды

Фото: Фото: Ақорда

АСТАНА. KAZINFORM — Рақымжан Ерназар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі болып ауысты.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

— Мемлекет басшысының өкімімен Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды. Мемлекет басшысының өкімімен Рақымжан Серікбайұлы Ерназар Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары тағайындалды.