Айдың соңғы күндері күн райы қандай болады

Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM — Айдың соңғы күндерінде ел аумағындағы ауа райы жағдайына кең ауқымды циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. 

Ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай мен бұршақ күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірлерде, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр мен екпінді жел болжанады.

Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, ал оңтүстік облыстарда шаңды дауыл тұрады. 

Солтүстік өңірлерде ауа температурасы +18…+23 °C дейін төмендейді. Қалған аумақта ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді деп болжанады.

Айта кетелік бүгін Қазақстанның бірқатар аймағында найзағай ойнайды, өрт қаупі жоғары болады.