Ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай мен бұршақ күтіледі. Солтүстік, солтүстік-батыс және орталық өңірлерде, сондай-ақ оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр мен екпінді жел болжанады.
Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, ал оңтүстік облыстарда шаңды дауыл тұрады.
Солтүстік өңірлерде ауа температурасы 18… 23 °C дейін төмендейді. Қалған аумақта ауа температурасы айтарлықтай өзгермейді деп болжанады.
Айта кетелік бүгін Қазақстанның бірқатар аймағында найзағай ойнайды, өрт қаупі жоғары болады.