Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы алтыншы орыннан төртінші орынға көтерілді. Рейтингтің алғашқы екі орны бос тұр, үшінші орынға ресейлік Евгений Шведенко жайғасқан. Бұл деңгейдегі IBF әлем чемпионы – АҚШ өкілі Калеб Плант.
Еске салайық, 12 қыркүйекте Ербосынұлы Нұр-Сұлтанда гайаналық Леннокс Алленмен іріктеу жекпе-жегін өткізіп, оныншы раундта нокаутпен жеңді. Осылайша ол екінші орта салмақтағы WBA әлем чемпионы титулына міндетті үміткер болып отыр.