Айдос Ербосынұлы WBA рейтингінде 5 орынға көтерілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) барлық салмақ дәрежесіндегі боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Иван Дычко супер ауыр салмақта 15-ші позицияға орналасты. Рейтингте бірінші орын АҚШ боксшысы Тревор Брайанға тиесілі. Екінші орынды оның отандасы Джаррелл Миллер, үшінші орынды пуэрторикалық Фрес Окендо иеленіп отыр.

Супер орта салмақтағы Айдос Ербосынұлы 15-орыннан 10-орынға көтерілді. Осы салмақ дәрежесіндегі үздік үштікке британдық Джон Райдер, тұманды Альбион өкілі кіші Крис Юбэнк және ресейлік Федор Чудинов енді.

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин бірінші орынды сақтап қалды. Одан кейінгі орынға аустралиялық Джефф Хорн мен жапондық Риота Мурата орналасқан.

Бірінші орта дивизиондағы Нұрсұлтан Жаңабаев бес орынға жоғарылап, 10-орынға жайғасты. Бұл салмақта британдық боксшы Келл Брук көш бастап тұрса, екінші орын кубалық Эрисланди Лараға, үшінші орын америкалық Джермелл Чарлоға берілген.