Айдос Хамиев Түпқараған ауданының әкімі болды
Айдос Хамиев 1985 жылы Маңғыстау облысы Ақтау қаласында туған. Білімі жоғары.
Алғашқы еңбек жолын 2005 жылы «Бисентин» ЖШС-інде құрылыс шебері болып бастады. Маңғыстау облысы мемлекеттік сәулет-құрылысын бақылау басқармасының бас маманы, кейіннен басшысы қызметтерін атқарды.
ҚР Құрылыс және коммуналды тұрғын-үй шаруашылығы істері жөніндегі агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің лицензиялау басқармасының басшысы. 2013-2015 жылдары Көкшетау қаласындағы ҚР Аймақтық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің Ақмола облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылысын бақылау және лицензиялау департаментінің басшысы. 2015 жылдан осы уақытқа дейін Ақмола облысы Зеренді ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2017 жылдың тамыз айында Маңғыстау облысының құрылыс басқармасының басшысы болып тағайындалған.