Айды бағындырушылар Марсқа ұшуға шақырды

АСТАНА. Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат - Бұдан 40 жыл бұрын Айға қонған екі астронавт Марсқа ұшқыш басқаратын ұшуға даярлық жұмыстарын қайта қола алуға шақырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Би-Би-Си сайтына сілтеме жасап.

Кездесуде даңқты Apollo 11 экспедициясының мүшелері Базз Олдрин және Майкл Коллинз қазіргі уақытта ғарышты игеруде Ай емес Марс басты мақсат болуы тиіс, деп мәлімдеді.

Вашингтонның ұлттық аэроғарыш мұражайында өткен бұл кездесуге Айға алғашқы болып табаны тиген Нил Армстронг да қатысты.