Аталмыш жаңалыққа сәйкес әркім қасиетті Рамазан айының туған кезі мен аяқталған кезін анықтауға мүмкіндік беретін «нұрдың» пайда болған сәтін өз көзімен тамашалай алатын болады.
Нақтырақ айтсақ, телескопты пайдалану арқылы ғарыштан түсірілген суретке қарап отырып, айдың туған кезі мен толған уақытын анықтауға мүмкіндік бар. Muslim.kz сайтының жазуынша, табиғаттың осынау құбылысын Иорданиядағы Амман қаласынан және Ливияның Триполи шаһарынан арнайы мамандар қадағалайтын болады. Бұл мониторинг нақты уақыт режимінде беріліп, арнайы сайтта жарық көреді. Сайт араб және ағылшын тілдерінде жүреді.