Бұл туралы Қазақ тағамтану академиясының арнайы тағамдар биотехнологиясы зертханасының жетекшісі Юрий Синявский баяндады.
Мәзірге құрғақ бие сүтінен жасалған, түрлі дәмдеуіштер, дән, қарақат қосылған ірімшік, құрт, кондитерлік өнімдер, өрік-мейізден кептірілген шығыс тәттілері, жылқы етінің сорпасы, лимон қосылған шай енген.
«Тағамдар «Дастарқан-6» контейнеріне салынып, Байқоңырға жөнелтіледі. Сол жерден ол Халықаралық ғарыш стансасына жеткізіледі. Азық-түлік Қазақ тағамтану академиясында жасалды. Кейін Бирюлев эксперименталдық зауытында арнайы құтыға салынды», - деді Ю.Синявский.