Айдын Айымбетовке «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағы берілді
09:03, 14 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Айымбетовке «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағы берілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
А.А.Айымбетовке «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағын беру туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Космонавтиканы дамытуға сіңірген еңбегі, «Союз ТМА-16М» ғарыш кемесінде ұшу бағдарламасын табысты орындағаны үшін Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовке «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағы берілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2015 жылғы 14 қазан, №103