Айдың бетінде судың белгісі табылды

АСТАНА.  Қыркүйектің 24-і.  ҚазАқпарат  -    Ай  орбитасында жүрген   үнділік  ғарыш  зонды      Жер  серігінде  судың    жаңа  белгісін тапты,

деп    хабарлайды ВВС телекомпаниясы.

«Чандраян-1»       бортындағы   американдық   жабдық     Айдың   бетінен  судың  химиялық белгілерін   тіркеген.    Белгілердің полюстерде  көбірек     байқалғаны айтылуда.

Айдың  беті, Жердегі   кез келген   шөлден   әлдеқайда  құрғақтау болғанына қарамастан,   ғалымдар   ай топырағындағы  судың  белгілері   әйтеуір бір   кезде    қоныстанушыларды      жеткілікті сұйықтықпен  қамтамасыз  ете алатынын  сенімді.

«Айдағы  су  туралы сөз қозғаған  кезде, біз   көлді,   мұхитты  немесе    тоғанды айтып  отырған жоқпыз.  Айдағы  су -   ай  топырағының   молекулаларымен      байланысқа   түсетін    су   мен  гидроксил  молекулалары», - дейді    Род-Айлендтегі   Браун   университетінің    ғалымы Карл   Питерс.

 Бұған  дейін   айдың  күн  түспеген  кратерлерінен   мұз табылған  болатын. Ғалымдардың  пайымдауынша,  олар    кометалармен     бірге   түсуі  ықтимал.   Келесі айда НАСА   айдың жоғары жағында     суды белгілерін   анықтау  жөніндегі ауқымды   тәжірибе  жүргізбек.