Ол Сан-Бернардинодағы (Калифорния, АҚШ) бокс кеші аясында жеңіліп көрмеген америкалық Альберт Гонсалеспен (4-0, 3 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек қарсаңында қарсыластар салмақ өлшеу рәсімінен өтті (57,15 келі).
Елжанов 26 тамызда Коммерсте АҚШ-тың тағы бір жеңілмеген өкілі Энди Белтранға (6-0, 3 КО) қарсы жекпе-жек өткізуі керек еді. Бірақ жоспары соңғы сәтте өзгерді.