Полиция мәліметінше, 28 жастағы Диана Марини Chase банкіне кіріп, кассирге қолда бар қаражатты беруін талап еткен хабарламаны тапсырған.
Банк қызметкері оның талабын орындаған соң, әйел ақшаны алып, күтіп тұрған таксиге отырып кетіп қалады. Таксидің ішінде оның 6 жасар қызы отырған.
Көліктің ізіне түскен полиция көп ұзамай ұры отырған көлікті тоқтатып, ішінен балалы әйелді ұстады.
Мариниге ұрлық және бала өміріне қауіп төндіргені үшін айып тағылды. Кішкентай қыз отбасының басқа мүшелеріне табысталды.