Әйел адам үш баласымен бірге суға батып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қайғылы оқиға Әзербайжандағы Куре өзенінде демалу кезінде болды.

Бұл оқиғаны отбасының отағасы өз көзімен көрген. Оның айтуынша, 16 жасар ұлы өзендегі суға түсіп, бата бастаған. Оған көмекке анасы жүгірген, оның соңынан 20 және 22 жастағы қыздары барған. Ақыр аяғында олардың төртеуі де суға батып кетті. Құтқарушылар анасы мен ұлының мәйіттерін ғана тапты.

Қазір қайғылы оқиғаға қатысты жағдайлар анықталуда , деп жазады mir24.tv.