Ол үшін тәжірибе жүргізіліп, жеті жас әйел мен ер адам өздерінің қалыпты және сәл қарлыққан дауыстарын жазып алған. Кейін жазып алған дауыстарын 800 ерікті бар топтың ішінде ойнатқан. Олар жазылған дауыс иесінің қаншалықты білімді, білікті, сенімді және тартымды адам екенін анықтау керек болды. Сонымен бірге, олар дауысты тыңдау арқылы кімді жұмысқа алатындықтарын айтқан.
Нәтижесінде, еріктілер 80 пайыз жағдайда қалыпты дауыс иелерін таңдаған. Дауысты жазу кезінде адам дауысын әдейі қарлықтырса, еріктілер оны төмен бағалап, жұмысқа қабылдағысы келмейтіндіктерін көрсеткен. Қарлыққан дауыс иелері сенімсіз адамдар деп саналса керек.