Әйел алты күннің ішінде бір ұл екі қызды дүниеге әкелді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай тұрғыны алты күннің аралығында бір ұл және екі қызды дүниеге әкелді. Бұл туралы Daily Mail хабарлайды.

21 ақпанда әйелдің толғағы басталған. Оны Хубэй провинциясындағы Ичан қаласындағы ауруханаға жеткізеді. Алғашқы нәресте өмір есігін ашқан сәтте толғақ тоқтайды. Босану мерзімінен сегіз апта бұрын басталғандықтан дәрігерлер әліптің артын бағуды ұйғарады. Бір қызығы, 28 ақпанда толғақ қайта басталып, ана екі қыз туды.

Үш сәбидің бәрінің де салмағы кем болғандықтан шала туғандарға арналған бөлімшеге жатқызылды.

«Мен жиырма жылдан бері дәрігер болып еңбек етіп келемін. Алты күн аралатып бала туғанды бірінші рет көруім»,-деп мәлім етті аурухананың бас акушері Чэнь Айхуа.