Бүгін - Балаларды қорғау күні. ҚР ҚК-нің әйел әскери қызметшілері Отанды қорғап қана қоймай, балалар үшін аяулы, қамқор ана бола алатындарын көрсеткілері келді.
Бүгін қыз-келіншек әскери қызметшілер арасындағы екінші «Батыр арулар» республикалық байқауының 12 жеңімпазы анықталғанын айта кеткен жөн. 80-нен аса қатысушы үздік әскери қызметші атағына таласты. Енді олар ұдайы жауынгерлік әзірлікте болатындарын, жүктелген тапсырмаларды үнемі сәтті орындайтындарын дәлелдеу қажет.