Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аудан әкімінің бұрынғы жұбайы әкімдікке жүгінбеген.
«Азаматша А.Үмбетқалиева Атырау облысының әкімдігіне жүгінбегенін хабарлаймыз. Туындаған мән-жайларға байланысты қызметтік тексеру тағайындалды», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ал Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі аудан әкіміне қатысты қылмыстық істің қаралып жатқанын растады.
«Қылмыстық іс Атырау қаласының №2 сотында қаралып жатыр. Келесі сот отырысы 29 мамырда сағат 10:00-де өтеді», - деп мәлім етті облыстық соттың баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, Атырауда аудан әкімінің әйелі күйеуінен зәбір көргенін айтқан еді.