Әйел мен бала құқығы институтын құру керек - құқық қорғаушы
17:48, 15 Наурыз 2024
АСТАНА. KAZINFORM – Әйел мен бала құқығы институтын құру керек. Бұл ұсынысты бүгін Ұлттық құрылтай отырысында белгілі құқық қорғаушы Айман Омарова айтты.
«Зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі өз құқықтарын және мемлекет оларға бере алатын мүмкіндіктерді білмейді. Осыған байланысты Әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау институтын құруды ұсынамын», - деді А. Омарова.
Оның айтуынша, аталған институт қалаларда және шалғайдағы елді мекендерде тиісті мәлімет беріп, құқықтық сауаттылықты арттыруға үлес қосуы тиіс.
Айта кетейік, бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың отырысы басталды. Қазір Құрылтай мүшелері секцияларда айтылған ұсыныстар мен бастамаларды ортаға салып, өз ойларымен бөлісіп жатыр.